Альбина Ахметова
ШҚО Семей қаласының «Роза киіз басу комбинаты» ЖШС сапа саласындағы ең беделді «Алтын Сапа 2019» Республикалық сыйлығының иегері атанды.
Семейдегі «Роза киіз басу комбинаты» ЖШС директоры А.Ахметоваға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы
Т.Құлыбаев «Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясындағы марапатты табыс етті.
Кәсіпорынның ашылғаннан бергі қызметінде көптеген дағдарыстар мен реформаларды бастан өткергені жасырын емес. Ол 1991 жылы бір дәнекерлеу аппараты негізінде «Роза» ЖК ретінде құрылды, ал бүгінде оның өнімі тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де сұранысқа ие.
Кәсіпорын директоры А.Ахметова «Роза КБК» ЖШС қалай дамуда және жоғары жетістіктерге қандай күш-жігермен қол жеткізгені жайлы «Шығыс Қазақстан кәсіпкерлерінің тарихы» тобында бөлісті.
«Бүгінгі таңда комбинаттың жұмыспен қамтылуы 100%, біз толық жаңалау жұмыстарын жүргіздік. Өз өнімдерімізді дайындау үшін шикізатты ШҚО-ның барлық өңірінен пайдаланамыз, басқа облыстардан да әкелінеді. Жүннің негізгі көзі Аягөз, Зайсан, Абай өңірінен алынады. Біз кез-келген шикізатты қабылдаймыз – қылшық жүнді, жұқа жүнді, бастапқы түрінде. Қазіргі уақытта киіздің 7 түрін және аяқ киімнің 15 түрін шығарамыз.
Бізде көптеген марапаттар бар, тіпті бірі тарихи – 1999 жылы кәсіпорын халықтың жоғары сапалы тұтыну тауарларын өндіргені үшін дипломмен және естелік медальмен марапатталды. Бізге күнделікті сұраныстағы тауарлар номинациясында «Миллениум-Пати» ресми жеткізушісі атағы берілді. Жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысуға тырысамыз, 2015 жылы өңірлік деңгейде жеңіске жеттік. Өткен жылы «Іскер» сыйлығын жеңіп алдық.
«Алтын сапаға» соңғы 3 жылда өтінім беріп, төртінші жылы жеңіске жеттік. Бұл 85-ке жуық қызметкер еңбек ететін біздің кәсіпорынның және бүкіл ұжымның үлкен мақтанышы.
Мен өнімді жергілікті материалдардан өндіргеніміздің арқасында жеңіске жеткенімізге сенімдімін. Яғни, барлық қажетті жиынтықтар, біздің өнімнің құрамы – толығымен қазақстандық шикізаттан. Аяқ киім дайындау үшін біз Алматыда орналасқан қазақстандық фирмадан суыққа төзімді галош (резиналы ақ киім) сатып аламыз, ал қалғаны біздің өзімізден. Менің ойымша, бұл біздің ең басты ұтымды жеріміз. Біз жартылай фабрикаттарды сатып алмаймыз, жүнді толығымен өзіміз өңдейміз және аяқ киімге, киізге арналған барлық қажетті заттарды жасаймыз, одан әрі олардан өнімдер дайындаймыз. Осылайша, біз өз-өзімізге басынан аяғына дейін қызмет етеміз.
Бұдан басқа, жеңілдетілген несие арқасында сатып алған жабдықта дайындалған өнім әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және біз қазір киіздің кез келген көлемін шығара аламыз. Сонымен қатар бұл бұрынғыдай капоттарды, есіктерді киіз текеметтің бір бөлігімен жылытатындай киіз емес. Қазір бұл кілем түріндегі киіз. Тапсырыс беруші кез-келген тығыздыққа, кез-келген қалыңдыққа, кез-келген ұзындыққа тапсырыс бере алады, тек ені стандартты 1 м 80 см, бірақ бұл үлкен жетістік, өйткені бұл ҚР-да еш жерде шығарылмайды және сапасы бойынша аналогы жоқ. Ірі кәсіпорындар, мұнай зауыттары біздің киізді прокладкаларды дайындауда, шуды оқшаулауға және олардың механизмдерінің басқа бөліктері үшін пайдаланады.
Біз өз ұжымымыздан басқа Шығыстың шаруа қожалықтарына және жеке аулаларда қой ұстайтын жеке меншік иелеріне ақша табуға мүмкіндік береміз. Біреу бір қап алып келсе, тағы біреуі Газельмен тонналап өткізеді. Ұсақ мал басы 5-6 мыңды құрайтын ірі шаруа қожалықтары, әрине, тоннамен және чиптелген жүнді тапсырады. Бірақ біздің жүнді кімнен қабылдайтындығымызда ешқандай айырмашылық жоқ, біз оны қаппен, теңмен буылған түрінде кез-келген қалпында аламыз. Біз шаруа адамдарына өз шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бергенімізге өте қуаныштымыз, өйткені бұл да экономикаға қосқан елеулі үлес.
Бүгінгі таңда біз өз өңірімізді және Қазақстанның басқа да аймақтарын қысқы аяқ киіммен толық қамтамасыз ете аламыз. Мысалы, біздің өніміміз ҚазТрансОйл, Қазақстан Темір Жолы, Kegoc, ВагонСервис, Қазақтелеком, ҮМЗ, Қазмырыш сияқты компанияла аяқ киімімізді арнайы киім атрибуты ретінде сатып алатын мұнай зауыттары мен басқа да ірі кәсіпорындар арасында үлкен танымалдылыққа ие.
Болашақта аяқ киімнің жаңа дизайнын жасауды одан әрі дамыту жоспарлануда. «Қазақстанның үздік тауарын» алу талпынысымызды тудырады, бұл белгіні этикеткада пайдалану мүмкіндігіне ие болғымыз келеді».
Дорошенко Х. Истории предпринимателей Восточного Казахстана [Электронный ресурс] : [биография предпринимателя А. Ахметовой] . – Режим доступа: https://www.facebook.com/groups/502266254367589 (Дата обращения 09.02.2022)