Ахметсәлімқызы Аэлита

2002 жылы Зайсан ауданында «Айка» шаруа қожалығын құрып, ірі қара мал, жылқы, қой өсірумен айналыса бастаған, осы жылы 200-ге жуық Марал әкелген. Сонымен қатар, ол шаруа қожалығымен байланысты салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамытты. Бүгінгі таңда шаруа қожалығымен қатар «Береке» базары (Зайсан қ.), «Айка» универсам (Өскемен қ.), «Караван» кафесі (Өскемен қ.), Өскемен қаласында кондитерлік цех, наубайхана, жартылай фабрикаттар цехы, май құю станциялары мен мұнай базасы жұмыс істейді.

«Менің мықты командам бар. Біздің қызметіміздің саласы Зайсан ауданымен шектелмейді, Алматы облысының Ұзынағаш кентінде егіс алаңдары мен бордақылау кешендері бар. Сондай-ақ, 2016 жылы Зайсан ауданында «Айка» шаруа қожалығының күшімен үлкен алма бағы салынды, ол облыста жеміс-жидек өнімдерін өндіру бағытын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. 2013 жылы «Айка» ШҚ Сауыр жотасының баурайында Зайсан қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан «Зайсан» аңшылық шаруашылығы алқаптарын пайдалану құқығын алды. Бұл оқиға Зайсан ауданында аңшылық және туризмнің басқа да түрлерінің дамуына серпін берді. Нәтижесінде, осы бағыттағы 4 жыл қызмет барысында туристік бизнес саласына Өскемен қаласының және облыстың тағы 4 ауданының тұрғындары мен нысандары тартылды. Осы уақыт ішінде Польша, Испания, Италия, Англия, Франция, Дания, Румыния, Швейцария, Австралия, АҚШ, Украина және Ресейден туристер келді. 2016 жылы Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен қырғауыл өсіретін ферма ашты. Бұл бағыт аңшылар үшін ерекше болған  Саур жотасындағы құстың популяциясына ықпал етеді.

Қайырымдылық қызметімен белсенді айналысамыз. Біз Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйін қамқорлыққа алдық.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, республикалық онкологиялық орталықтың балалар бөлімшесіне үнемі көмек көрсетеміз, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге демеуші боламыз. 2001 жылы Зайсан қаласында мешіт салынды, кейіннен ол Қазақстан Мұсылмандарының рухани басқармасына берілді. Менің бизнестегі жолымның тарихы біздің елімізде кәсіпкерлік бастаманы қолдау мен шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалғанының дәлелі болып табылады. Елімізде қандай жаңалықтар бар екенін үнемі қадағалап отырамын. Президенттің жыл сайынғы Жолдаулары кәсіпкерлер үшін бұл жаңа перспективалар және оларды басшылыққа алу болып табылады. Біз жұмысшыларымыздың жалақысын арттыру мәселесі бойынша жұмыс істейміз. Хобби ретінде мен аң аулауды, туған өлкемнің тарихы мен географиясын жақсы көремін, ағылшын тұқымды жылқыларды өсірумен айналысамын. Мен өз әлеуетімді іске асыра алдым, өз аймағымды және Шығыс Қазақстан облысының туристік тартымдылығын дамытуға белсене қатысып, үлес қосудамын деп санаймын».

Лидер ЦУР 9 среди сельских женщин Казахстана Аэлита Ахметсалимқызы из Восточно-Казахстанской области [Электронный ресурс] : [биография предпринимателя А. Ахметсалимқызы] . – Режим доступа:  https://www.greenkaz.org/index.php/informatsiya/analiticheskie-materialy/item/2835-lider-tsur-9-sredi-selskikh-zhenshchin-kazakhstana-aelita-akhmetsalim-yzy-iz-vostochno-kazakhstanskoj-oblasti  (Дата обращения 14.02.2022)