Бородкина Ирина

Өз қолыңызбен жасалған таңғажайып заттар

Ирина Бородкина Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында тұрады. Мамандығы бойынша ол интерьер дизайнері, 15 жылдық жұмыс өтілі бар. 2021 жылы ШҚО Кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінің білімін алған, 200 АЕК көлемінде грант жеңіп алды, қайың қабығын, мольбертті, жиһаздарды өңдеуге арналған құрал жабдықтарды сатып алды және шығармашылық шеберхана ашты.

Ирина таңғажайып заттарды жасайды, балалар мен ересектерге үйретеді, сұлулыққа баулиды. Оның қызметтері Риддер қаласының ересектері мен кішкентай тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

 

Дорошенко Х. Истории предпринимателей Восточного Казахстана [Электронный ресурс] : [биография предпринимателя И. Бородкиной] . – Режим доступа: https://www.facebook.com/groups/502266254367589 (Дата обращения 09.02.2022)