Бизнес пен шығармашылық өте үйлесімді. Мұны жас кәсіпкер Арлан Сүлейменовтің тәжірибесі дәлелдейді, ол ұзақ уақыт бойы өмірдегі өз орнын іздеп, оны музыкалық білім беру саласында тапты.
Арлан – кәсіби домбырашы. Ол П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін бітірген, бірақ бастапқыда алған мамандығын өмірлік кәсібі ретінде қабылдамаған. Ол сауда саласында бизнес ашты, кофе мен балмұздақ сатуда, сонымен қатар көптеген басқа бағыттарда өз күшін сынап көрді, бірақ оны қанағаттандырмады.
2019 жылдың басында Арлан мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға шешім қабылдап, ШҚО Кәсіпкерлер палатасына оқуға келді. «Бастау» курсын сәтті бітіріп, сертификат алып, мемлекеттік гранттар беру жөніндегі комиссияға жүгінді. Жаңа «Жас кәсіпкер» жобасы аясында стартап ашуға 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаржыландыру алды.
Бұл жолы Арлан кәсіпкерлік мақсатта қолдануға болатын таланттары мен дағдылары туралы ойлады. Серіктесімен бірге олар Өскемендегі Музыкалық білім беру қызметтерін ұсыну нарығын зерттеп, мемлекеттік және жеке меншік музыкалық мектептерде тек балаларды оқытатынын және ешкім бұл қызметті ересек тұрғындарға жеделдетілген бағдарлама бойынша ұсынбайтынын анықтады. Достар музыкалық дағдыларды игеру үшін жас айырмашылығы маңызды емес деп шешті – оқуға деген ықылас пен ынтасы болса болады. Олар жарнаманы түсіріп, оны әлеуметтік желіге орналастырды.
Бақытымызға орай, бұл коммерциялық жоба идеясын іске асыруда музыкалық сауаттылықтың негіздерін түсінгісі келетіндер жеткілікті болды. Арлан үй – жайды жалға алып, өзінің музыкалық мектебін ашты, онда кез келген адам 12 сабақта домбырада ойнауды үйрене алады, ал егер үйренбесе, кәсіпкер ақшасын қайтаруға дайын. Ол сондай-ақ гитара, фортепиано, барабан және басқа да музыкалық аспаптарда ойнауды үйрете алатын оқытушыларды қабылдайды – бұл тізім үнемі толықтырылып отырады. Бұл ретте оқушылар ноталар бойынша немесе есту арқылы оқуды, классикалық стильді меңгеруді немесе рокты өздері таңдайды. Жекелеген дайындық барысында әркім өзінің дайындық деңгейіне және тіпті мінезінің ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық дағдыларды алады.
Алғашқы айларда Арлан Сүлейменов стартаптың жақсы өсу динамикасын көрсетті: оған 20-дан астам адам оқуға келді, олар үшін сабақ кестесі бірнеше апта бұрын жоспарланған болатын. Міне, 2019 жылдың қыркүйегінде көптен күткен «Co-Music» студиясының ашылуы өтті, онда сіз кәсіби мамандардың орындауында жанды музыканы тыңдайсыз, сонымен қатар тегін шеберлік сабақтары мен пайдалы сыйлықтар аласыз. Мереке қонақтары студиядағы атмосфераның жағымды және шынайы болғанын атап өтті.
Арлан Сүлейменовтың арқасында өскемендіктер енді музыкалық аспаптарда ойнауды үйренуге мүмкіндік алды, ал жастар сүйікті істерінің бизнеске айналып, тек рахат қана емес, табыс әкелетінін түсінді.
Стартапердің өзі тамыз айында «Баста» бизнес-форумында сөз сөйлеп, қазір ғана өзін бизнесмен ретінде сезіне бастағанын мойындады.
«Әр жолы жаңа стартап әзірлеп, кәсіпкерліктің не екенін түсіне бастадым. 18 жасымда Жеке кәсіпкерлікті ашу – бұл менің ол кезде кәсіпкер болғанымды білдірмейді. Шын мәнінде мен жақында ғана кәсіпкер болдым», – деді Арлан ештенені жасырмай жастармен бөлісіп, оларды ештеңеден қорықпауға, өзінің сүйікті ісін іздеуге және өз арманына жетуге шақырды.
Дорошенко Х. Истории предпринимателей Восточного Казахстана [Электронный ресурс] : [биография предпринимателя А. Сулейменов] . – Режим доступа: https://www.facebook.com/groups/502266254367589 (Дата обращения 09.02.2022)