2009 жылдың 29 тамызында ҚР Конституция күні қарсаңында, қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылған.
Ескеркіштің биіктігі – 5 метр 40 см. Басқыштары мен тұғыры – 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 13 метр 20 см. Қола мүсіннің салмағы – 5 тонна. Ескерткіш Республика алаңында орнатылған. Авторлары: мүсіншілер Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішев. Абай ескерткішін Қарағанды қаласындағы ҚР Суретшілер Одағының облыстық ұйымы әзірледі.
Ескерткіштің ашылған күні: 29 тамыз 2009 ж.