Абдеева Яна Борисовна
Абдеева Яна Борисовна (1966 ж.) – жазушы. 1966 жылдың 24 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Өскемен құрылыс-жол институтын (қазіргі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ) «Қала құрылысы» мамандығы бойынша (1988), Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтын «Психология» мамандығы бойынша (2004), Орта Азия университетін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша (2006) үздік бітірді.
Бала кезінен өлең жазып, сурет салады. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында бас маман болып жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің мүшесі.
Облыстық, («Ақ Ертіс-Иртыш», «Мәдениет жаршысы» – «Вестник культуры», «Рудный Алтай», «Устинка плюс», «Наше дело», «7 дней»), сондай-ақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған («Китапхана әлемі», «Нива»). С 2005 жылдан 2008 жылға дейін – «Книголюб» республикалық кітап шолуы басылымында фантастика мен фантастикатануға арналған «Перекресток миров» айдарының жүргізушісі. Я.Абдееваның шығармалары ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады: «Библиотечная газета» (Москва), «Цветная металлургия» (Москва), «Шалтай-Болтай» (Волгоград). Я. Абдеева алыс шетелдердегі әдеби журналдармен тығыз ынтымақтасады: «Терра Фантастика» (Варна, Болгария), «Культура. Искусство. Литература» (Варна, Болгария). 1992 жылдан бастап қалалық фантастикақұмарлар клубының президенті городского клуба любителей фантастики “Перекресток миров”.
2015 және 2016 жылдары екі рет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Кітапхана ісінің үздігі» медалімен марапатталды.