Александр Алексеевич Колупаев

1947 жылы 1-ші желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самарка ауылында дүниеге келген. Александр Колупаевтың балалық шағы сол кездегі құрдастарының балалық шағынан еш айырмашылығы жоқ еді. Мектепті бітіргеннен кейін ол бірнеше жыл құрылысшы болып жұмыс істеді.

1968 жылы Александр Колупаев Өскемен педагогикалық институтына (қазіргі С.Аманжолов ат. ШҚМУ) оқуға түседі.  1972 жылы оқуын бітіріп, физика, математика мұғалімі мамандығын алады. Александрдың мұғалімнен бөлек тағы екі жоғары білімі бар: Алматы СХИ (ауыл шаруашылығы), инженер — энергетик және ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы экономист; Семей зооветеринаршы.

Александр Алексеевич Колупаев экономикалық құлдырау мен саяси күйзеліс кезеңінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды. Мектепте математика, физика және информатика пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. Бұл кез Александр Колупаевтың логикалық ойлауын едәуір байытып, дамытты. Ол әдеби қызметпен тек 2002 жылдан бастап айналысты. Бірнеше әңгімелері, мақалалар мен өлеңдері «Рудный Алтай», «Огни Прииртышья», «Муйские Огни», «FoxyLit» газеттері мен журналдарының беттерінде жарияланды.

Александр Колупаев – Ресей Жазушылар Одағының мүшесі. Көптеген кітаптарын әлеуметтік фантастика жанрында жазады. 15 кітаптың авторы: «Завещание великого шамана» трилогиясы, әңгімелер жинағы: «Солнечное эхо», «Просите, услышаны будете», «Забыть, чтобы вспомнить», «Страшила Барби», «Кладбищенский сторож». «Когда заговорят камни». «Зеркало судьбы», «Черная вдова» детективтердің екі жинағы: «Приключения Шурика Холса и доктора Ваткина». Александр Колупаев «Неразменный пятак», «Когда отцветет папоротник» атты бірнеше балалар кітабын шығарды. Александр еуропалық әдеби фестивальдер мен интернет-сайттардағы конкурстардың бірнеше дипломанты.