1931 жылы 22 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедра-сының профессоры. Мұғалімдік жұмыс өтілі 50 жылдан астам. 7 монография және 100 астам ғылыми мақалалардың авторы, оның басшылығымен «Отандық тарих» атты мамандық бойынша 11 адам кандидаттық диссертацияларын қорғады. Өскемен педагогика институтында қызмет атқара жүріп, Қазақстанның шығысында бірінші тарих факультетін құрудың бастамашысы болды. Николай Владимирович – Өскемен қаласындағы Шығыс Гуманитарлық институтының бірінші ректоры және ұйымдастырушысы. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Кіші халықтар Ассамблеясының жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ретінде белсене қатысады. Қаланың ономастикалық комиссиясының мүшесі. Өскемен туралы кітаптың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуге және қоғамның дамуына ғылыми-тәжірибелік зор үлес қосқаны, бейбітшілік және қоғамдық келісімдерді нығайтудағы белсенді қызметі үшін 2006 жылғы 17 тамызда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күн: 17 тамыз 2006 ж.