«Ара» мүсіні

Қ.Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесінің қиылысында  халықаралық бал фестивалінің символы, еңбекқор жұмысшы-араларға алғыс ретінде сәнді гүл түріндегі 10 метрлік  металдан полимерлі материалдармен қапталған мүсін орнатылды. Мүсіннің жоғарғы бөлімінде  диаметрі 4 метрлік шарда  үш метрлік ара орналасқан.

Бұл жұмысты мүсіншілер Е. Непьянов пен В. Самойлов орындады. Мүсін тамаша балмен және атақты омарташылармен танымал біздің бал өлкесін бейнелейді.

Мүсіннің ашылған күні: 30 тамыз 2010 жыл.