1924 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Тарғын ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Асубұлақ орта мектебінде оқыды. 1942 жылдың қыркүйегінде кеңес әскері қатарына шақырылды. 1943 жылы 23-ші атқыштар бригадасының құрамында Калининск майданына жіберілді, Смоленск бағытындағы қалаларды азат етуге қатысты. 1944 жылғы 30 наурыздан бастап соғыс біткенге дейін екінші Украина майданында соғысты. 1945-1949 жылдар аралығында бандер банда құрамаларын талқандауға қатысты. Соғыстан кейін Семей қаласындағы геологтық-барлау техникумын, кейін Мәскеу экономика институтын бітірді. Өскемен қаласында басқарушы қызметтерінде істеді, екі рет Халық депутаттарының Өскемен қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. Дербес зейнеткер. «За отвагу» медалімен, III дәрежелі «Отечественная война», «Трудового красного знамени» ордендерімен мараматталған. 2015 жылғы 4 мамырда белсенді қоғамдық-саяси қызметі, қаланың жас ұрпағын патриотизмге тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күн: 4 мамыр 2015 ж.