Ақтайлақовт Асхат

Металл қалдықтарынан жасалған эксклюзивті сувенирлер

Асхат Ақтайлақов «Бастау Бизнес» жобасының түлегі, қайта өңделген шикізат қалдықтарынан ұлттық нақыштағы түрлі кәдесыйлар дайындайды.

Ақтайлақов Асхат Серікұлы 1982 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Білімі – орта-арнайы, газ-электр дәнекерлеуші ретінде 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар. 2020 жылы ШҚО Кәсіпкерлер палатасында «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен оқытудан өткен, 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алған, ЖК ретінде тіркеліп, кәсіпкерлік қызметін бастады.

Соңғы екі жыл ішінде металл бұйымдарын өндірумен айналысады, 2021 жылы «Қолөнер бренді» жобасы бойынша білім алған, сондай-ақ Born NOMAD Power Awards халықаралық конкурсына қатысуға өтінім жіберген. Қазіргі уақытта металл қалдықтарынан түрлі эксклюзивті мүсіндер, мүсінше, кәдесыйлар жасайды.