Атаев Жанадил Абдраманович

1946 жылы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында туған. Зайсан ауданының Құрметті азаматы. 1970 жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық институттың денешынықтыру факультетіне оқуға түсіп, оны 1974 жылы тәмамдап шығады. 1975-1980 жылдары Өскемен қаласындағы Ленин атындағы мектеп-интернатта денешынықтыру пәнінен сабақ бере жүріп, облыстық спорт комитетінде жасөспірімдерге самбо күресінің қыр-сырын үйретті, жаттықтырушы болды. 1984-1989 жылдар аралығында ерікті «Қайрат» облыстық қоғамының төрағасы қызметін абыроймен атқарды. Спортта және жастарды спортқа баулуда қол жекізген жетістіктері үшін КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құреметті профессоры, Халықаралық дәрежедегі төреші, атақтары берілді. 2 дәрежелі “Дзюдо тарланы” орденінің иегері. «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

Атақ берілген күн: 26 желтоқсан 2018 ж.