Ахметбекова Бану

Ахметбекова Бану 1982 жылы туған. Шығыс Қазақстан облысының, Көкпекті ауданының тумасы. 2004 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің филология факультетін бітірген. Қазіргі таңда Өскемен қаласында тұрады. 2017-2018 жылдары балаларға арналған «Добро пожаловать в сказку», «Радужная пыль» ертегі кітаптары және «Плачущая звезда» әңгімелер жинағы жарық көрді.