Ақжігітова Хабиба Мырзаханқызы
1955 жылы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Қатонқарағай ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Абай атындағы Семей кітапханалық техникумын, кейін Өскемен педагогикалық институтын (қазіргі С. Аманжолов атындағы ШҚУ) тәмамдаған.
1978-1985 жж. Қатонқарағай аудандық орталық кітапханасында әдіскер, аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, облыстық атқару комитетінде референт, облыстық мәдениет басқармасында басқарма бастығының орынбасары, 1985–1991 ж. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада əдіскер, 1991-2018 жж. осы кітапхананың директоры қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап 13 филиалды қамтитын Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.
1996 жылдан Облыстық кітапханашылар ассоциациясының төрайымы. Оның мақсаты – облыс кітапханашыларының күш-жігерін халыққа заманауи ақпараттық-библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді құруға жұмылдыру, қоғамдағы кітапханалардың ақпараттық, білім беру және мәдени-демалыс орталықтары ретіндегі мәртебесін арттыру.
Қ.М.Ақжігітова – Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясы (ИФЛА) сессиясының, «Қырым» халықаралық конференцияларының тұрақты қатысушысы.
Түркия, Финляндия, Венгрия, Германия, Франция, АҚШ, Норвегия, Оңтүстік Корея, Канада, Сингапур елдерінде кітапхана ісі бойынша шығармашылық сапарларға, конференцияларға және тағылымдамаларға қатысқан. Қазақстан Республикасы кітапхана қауымдастығының және Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. Қ. М. Ақжігітова облыстағы кітапхана ісінің дамуына үлкен үлес қосты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Мәдениет» номинациясы бойынша «Кәсіби жетістік 2000» қоғамдық дипломымен, «Status» облыстық әйелдер Федерациясымен марапатталды. «Құрмет» орденінің кавалері (2012 ж.), республикалық мәдениет және өнер клубының қолдауымен «Мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрмет белгісімен, «Өскемен қаласының дамуына қосқан айырықша үлесi үшiн» төс белгісімен марапатталған.
27 желтоқсан 2022 жылы қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметін ақпараттандыруға және жетілдіруге қосқан елеулі үлесі, қала тұрғындарының мәдениетін, білімі мен цифрлық сауаттылығын дамытуды қолдауға арналған бағдарламалар мен бастамаларды белсенді іске асырғаны үшін «Өскеменнің құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күн: 27 желтоқсан 20222 жыл
Дереккөз:
https://yk-news.kz/news/Почётных-граждан-в-Усть-Каменогорске-стало-больше
Әдебиеттер тізімі:
- Акжигитова, К. Алғашқы медицициналық көмек / К. Акжигитова. – Текст : непосредственный // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2020. – № 11. – Б. 2 – 4.
- Акжигитова, К. В ногу со временем? Побежали! : интервью / К. Левонесова. – Текст : непосредственный // Усть-Каменогорск. – 2013. – 17 янв. (№ 2). – С. 6
- Акжигитова, К. М. Гражданские инициативы «Пушкинки» : [интервью с директором ВК областной библиотеки им. А. С. Пушкина К. М. Акжигитовой] / К. М. Акжигитова ; интервью вела Д. Шавлева. – Текст : непосредственный // Рудный Алтай. – 2011. – 1 окт. – С. 2.
- Акжигитова, К. Пушкин и Абай / К. Акжигитова . – Текст : непосредственный // Рудный Алтай. – 2009. – 6 июня (№ 86) . – С. 3.
- Акжигитова, К. Три вопроса / К. Акжигитова. – Текст : непосредственный // Кітап патшалығы. – 2011. – № 3. – С. 42-43.
Ол туралы:
- Видные библиотекари Казахстана : справочник. – Алматы, 2022. – 368 с. : цв. ил. – Именной указ.: с. 364-367.
- Кто есть кто в библиотечно-информационном : справочник: в 3-х т. Т. 1. А – И / рук. проекта Я. Л. Шрайберг. – 7-е изд., испр. и доп. – М., 2009. – 1-364 с.
- Лаптев А. Пассионария : портрет в полный рост, написанный акварелью / А. Лаптев. – Текст : непосредственный // Простор. – 2017. – № 3. – С. 184-191.
- Оркушпаева, Н. Хранительница времени и истории / Н. Оркушпаева. – Текст: непосредственный // Рудный Алтай. – 2015. – 18 сент. (№ 110). – С. 11.