А.К.Протазанов 1969 жылдың қыркүйегінен бастап 1984 жылға дейін Шығыс Қазақстанда обкомның бірінші хатшысы болған. Ол облысымыз бен қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Оның есімі Ертіс жағалауының құрылысымен, Өскемендегі әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының, мектептердің, балабақшалардың құрылыстарымен байланысты. Ол қаланың азық-түлік мәселесін шешті. Оның басшылығымен жылыжай кешені мен құс фабрикалары пайдалануға берілді. Александр Константиновичтің есімін мыңдаған шығысқазақстандықтар еш ұмытпақ емес. Протазановқа қойылған ескерткіш “Үлбі” ОМҮ алаңында орнатылған. Ескерткіш авторы – Владимир Самойлов.
Ескерткіштің ашылған күні:14 қыркүйек 2013 ж.