2013 жылдың 15 қыркүйегінде Кеңес Одағының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, бүгінгі күні Өскеменде аты аңызға айналған «алтын металлург» Ахат Салемхатұлы Куленовтің қола ескерткіші Металлургтер мәдениет сарайының негізгі кіреберіс алаңында орнатылды.
Қажырлы еңбегінің арқасында Күленов қарапайым жұмысшыдан қорғасын-мырыш зауытының президентіне дейін көтеріледі. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауында тұрғын –үй коттедждерін салғызды, қазіргі кезде ол Куленов немесе Металлургтер кенті деп аталады.
Оның инженер ретіндегі кәсіби шеберлігі Қазақстандағы ең сәтті металлургия кәсіпорындарының бірі – Өскемен қорғасын-мырыш зауытының (қазіргі – «Казцинк») құрылуына зор ықпал етті. Оның адамдарға деген қамқорлығы қала тұрғындарының жадында әлі күнге дейін сақталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумындағы алғашқы қазақ сенаторы қарапайым жұмысшылар үшін элиталық ауыл салған санаулы басшылардың бірі. Ахат Салемхатұлы Куленов Қазақстанда сирек кездесетін өндірісті құрудың және полиметалл металлургиясына көптеген жаңа технологияларды енгізудің бастамашысы болды. «Ахат Күленовтің өмірі – Отанға және оның халқына жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын мысалы», – деп атап өтті облыс әкімі.
Ескерткіш авторы: мүсінші Е. Непьянов.
Ескерткіштің ашылған күні: 15 қыркүйек 2013 ж.