Пушкиннің кеуде мүсіні «ұлы талант иесіне біздің халықтың көрсеткен құрметі мен ізеті» ретінде А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана алдына орнатылды.
Ескерткіштің авторы – өскемендік мүсінші Владимир Самойлов. Граниттен жасалған тұғырдағы биіктігі – 2,30 м. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі – 1,60 м.
Ескерткіштің ашылған күні:29 тамыз 2009 ж.