Байбатчина Кайырбану Қадырқанқызы

1922 жылы 20 шілдеде ШҚО Ұлан ауданы Мәмбет ауылында дүниеге келген. 35 жылдан астам халыққа білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі. Ұлы Отан соғысына қатысқан, соғысқа 1942 жылы өз еркімен кеткен. Кенигсберг қамал-қаласында шабуылуға қатысқан. Жеті баланың анасы, он сегіз немересі, жеті шөбересі бар. Отан соғысының 2 дәрежелі орденімен, Аналық даңқ 3 дәрежелі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» сияқты көптеген медальдармен марапатталған. Республикалық маңызы бар зейнеткер. Халықтық білім беру жүйесіне қосқан зор үлесі үшін 2003 жылғы 7 тамызда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күн: 7 тамыз 2003 ж.