Байбатчин Әубәкір Байбатшаұлы

1914 жылы 22 ақпанда Павлодар облысы Үлкен Ақжар ауылында дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленген. Семей педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысып, 2-ші Украиналық фронттың құрамында Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны, Чехословакияны азат етуге, Қиыр Шығыстағы жауынгерлік әрекеттерге қатысты. Соғыстан кейін ШҚО партиялық және кеңестік органдарында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Отан алдындағы еңбектері үшін 1 және 2 дәрежелі «Отан соғысы», Қызыл Жұлдыз ордендерімен, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет Белгісі, Парасат ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күн:  9 желтоқсан 2004 ж.