Байдельдинов Валиахмет Нұрахметұлы

1932 жылы 3 маусымда ШҚО Ұлан ауданы Никитинка ауылында дүниге келген. Қазақстан ағарту ісінің үздігі. 37 жыл бойы Жамбыл атындағы мектеп-интернатын басқарды. Бірнеше рет облыстық және аудандық Кеңестердің депутаты болып сайланды. Жаңа технологияларға бағыт көрсетіп, тәрбиелік және оқу үрдісіне сан алуан жаңалықтар енгізді. «Айгөлек» жасөспірімдер клубын, өнер мектебін ашты және шығармашылығын шабыттандырды, соның арқасында интернатта оқитындар бірнеше рет «Әнші балапан», «Сиқырлы қазан» тағы басқа республикалық конкурстарының жеңімпаздары атанды. Ол жемісті еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, медалдармен және грамоталармен марапатталды. КСРО ағарту ісінің үздігі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі. Өскемен қаласының жас ұрпақтарын тәрбиелеуге қосқан үлкен үлесі үшін 1996 жылғы 8 қаңтарда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күн: 8 қаңтар 1996 ж.