1937 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Сокольск ауылында дүниеге келген. 1958 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанның партиялық органдарында жауапты басшылық қызметтерін атқарды. 1990-1994 жылдары Геннадий Леонидович Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратында қызмет істеді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасын басқарды.1998 жылдан бастап «Үлбі металлургия зауыты» АҚ кедендік қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бастығы болды. Геннадий Леонидович Бердюгиннің еңбегі бағаланып, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылғы 29 қазанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күн: 29 қазан 2009 ж.