2010 жылғы 27 мамырда Ертіс көпірінің жанындағы айналма жол айырығында, облыс орталығының көрнекі жерінде Астананың басты құндылығы саналатын «Бәйтеректің» еліміздегі тұңғыш көшірме нұсқасы бой көтерді.
«Біз көптеген нұсқаларды қарап шықтық, сосын Қазақстанда екінші «Бәйтерек» жасау туралы шешім қабылдадық Әлемде жүзден аса Эйфель мұнарасы, бірнеше Бостандық мүсіні бар…неге бізге де өз «Бәйтерегімізді» жасамасқа дедік», – деп мәлім етті қала әкімі Ислам Әбішев.
Құрылыстың салмағы – 22 тонна, биіктігі – 28,5 метр. Конструкция үш бөліктен тұрады: Оның негізгі биіктігі – 11 метр, салмағы – 15 тонна. Құрылысты салмағы 4 тонна болатын он метрлік тәж қоршап тұр, ал алтын түсті шардың салмағы – 3 тонна, биіктігі – 4 метр. Жұмысты «Центрэнергоэкспертиза» ЖШС орындады.
Құрылым сейсмикалық, желкенділік тексеруден өтті. Негізі – постаменті 3х4 метр, 2 метрлік тереңдікте орнатылған. Өскемен Тәуелсіз Қазақстанның символы – «Бәйтерек» монументін орнатқан алғашқы қала болды.
Ол ежелгі көшпенділердің философиялық пайымдауларын білдіреді, оның аңыздары бойынша әлемдердің қиылысында әлемдік өзен ағады, жағада өмір ағашы – жердің тамырын ұстап тұратын бәйтерек, ал тәжі аспанды ұстап тұратын Бәйтерек өседі. Жыл сайын ағаштың тәжісіне қасиетті құс Самұрық жұмыртқа салады. Күнді жұтатын жылан – айдаһар ағаш етегінде тұрады, бұл жаз бен қыстың ауысуын, жақсылық пен жамандық күресін, мықты, өсіп келе жатқан ағашты, өзінің тарихи тамырларын сақтап қалған, берік тірегі бар және болашаққа ұмтылған мемлекетті білдіреді.
2017 жылдың қазан айында «Бәйтерек монументінің» айналасына тізіле орналасқан ұлттық киімдегі биші қыздардың таңғажайып қол мүсіндері қаланың көркін ерекше ажарландырып жіберді. Бұл сәулет туындылары Ертіс көпірі маңындағы алаңға ерекше сән береді. Әрбір мүсіннің биіктігі 3,5 метр, олардың жалпы саны – 14. «Қыз Жібек» операсында орындалатын «Айжан қыз» биіне билеп тұрған «қола қыздар» Бәйтерек монументінің төңірегіндегі композициялармен үндесіп тұр. Оларға қарап қазақ қызына ғана тән сұлулық пен биязылықты, жан көркемдігін аңғаруға болады.