Металлургтердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті болып, ұзақ жылдар кәсіпорынды абыроймен басқарған, Қазақстанның титан өнеркәсібін дамытуға орасан зор үлес қосқан Бағдат Шаяхметовтың ескерткіші орнатылды. Бағдат Шаяхметов еңбек жолын аталған кәсіпорында бастады. Ұжымымен бірге 90-шы жылдарда тәуелсіз Қазақстанды дамыту және отандық өнеркәсіпті құру кезіндегі қиын кезеңдерді басынан өткерді. Тоқырау жылдарында Бағдат Мұхаметұлы ештеңеден қорықпастан комбинаттың жұмысын қолға ала отырып, аянбай еңбек етті. Әлемдік деңгейге жеткен комбинат қазіргі күні бірнеше шетелдік компаниялармен бірлесе жұмыс жасап келеді. Атап өтетін жайт, жаңадан ашылған ескерткішті өскемендіктерге «Өскемен Қорғаныс-мырыш комбинаты» АҚ сыйға тартып отыр. Атақты металлургке қойылған бұл еңселі ескерткіш комбинаттың №14 цехында өндірілген титаннан жасалды, – делінген. Жаңа Согра кентіндегі «ӨТМК» АҚ Мәдениет үйінің алдына Бағдат Шаяхметовке қойылған ескерткіштің тұғырымен алғандағы жалпы биіктігі 3,43 метрді құрайды. Ескерткішті жартылай айналтып, көлденеңдете көкке самғата қойылған стелла қанатты металл – титанды бейнелейді. Ескерткіш авторлары: Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері Владимир Самойлов пен Сергей Артеменко.
Ескерткіштің ашылған күні: 18 шілде 2014 жыл.