Геворкян Арсентий Иванович

1936 жылы 21 қыркүйекте Орджоникидзе қаласында (Солтүстік Осетия) дүниеге келген. Өскемен қаласындағы тұрғын үй құрлысын ұйымдастырушы, ірі панелді үй құрлысының дамуына үлес қосқан. Тұрғын үй тапшылығы жағдайында қаладағы әрбір бесінші үй Геворкян басшылық еткен ұжымның қолымен салынған. Оның басшылығымен ондаған балабақша, дүкендер, панельді жатақханалар  салынған. А.И.Геворкян-Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтының негізін қалаушылардың бірі.  Халықтар Достығы үйін ашудағы  бастамашылардың бірі. Бірнеше мәрте еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 2001 жылы Қазақстан құрылысшылар Одағы Арсен Геворкянға «Даңқты құрылысшы-өндірісші» деген атақ берді. Өскемен қалалық мәслихатының  1996 жылы 10 қазандағы шешімімен А.И. Геворкянға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күн: 1996 жылы 10 қазан