1932 жылы 19 қыркүйекте РКФСР Смоленск облысында-ғы Смоленск қаласында дүниеге келген. Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс сырттай оқыту институтын (Мәскеу қ., 1962) бітірген, инженер-технолог. Альберт Хаймовичтың есімімен КСРО су асты ядролық флотының реакторлары үшін жылу бөлетін элементтерді шығару, еліміздің атом энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру барысында АЭС үшін уран таблеткаларын өндіру бойынша зауытта қуаттарды жасау тікелей байланысты. 1953 жылдан – Үлбі металлургия зауытының ауысым шеберінен бастап, 1999 жылдан бері – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Көрме ақпарат орталығының директоры. Еңбектегі жетістіктері үшін «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту, Ресей Федерациясының Достық ордендерімен, 1-ші дәрежелі «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған. КСРО Министрлер кеңесі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясының «Атом энергетикасы және өнеркәсіп ардагері «ҮМЗ еңбек сіңірген қызметкері», «Зауыттың құрметті ардагері» атағы берілді.Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін 2012 жылғы 20 желтоқсанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күні: 20 желтоқсан 2012 ж.