Губарев Алексей Александрович  

1931 жылы 29 наурызда Куйбышев облысы Гвардейц ауылында дүниеге келген. КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері. 1950 жылдан бастап Кеңес армиясында болды. Кәсіпқой әскери қызметкер, авиацияның полковнигі. 1963 жылдан бастап ғарышкерлер жасағында болды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. 1980 жылы біздің қалада бірінші рет болды және содан бері Шығыс Қазақстанға жыл сайын келіп тұрады, мұнда оның достары және табиғаттың сүйікті жерлері көп. Өскемендіктерге әскери-патриоттық және коммунистік тәрбие беруге белсенді қатысады. Өскемен қаласының еңбекшілеріне коммунистік тәрбие беруге және кеңестік ғарыштың даму ісіне қосқан елеулі үлесі қосқаны үшін 1980 жылғы 7 тамызда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күн:  7 тамыз 1980 ж.