Губушкин Михаил Кирсанович  

1930 жылы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Черемшанка ауылында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген жұмысшысы, құрметті демалыстағы милиция полковнигі. Криминалистика кабинетінің негізін қалаушы, Криминалистика орталығы 2004 жылы М.К.Губушкин атындағы криминалистика орталығы болып өзгерді. Арнайы баспалар мен мерзімді басылымдарда 130-дан астам еңбегі бар. Иістерді зерттеу мен сұрыптауға арналған құралға авторлық куәлігі бар, дактилоскопия бойынша электрондық-есептеуіш машина, «Минск-82» зерттеулерін енгізді. Бірнеше рет қалалық және аудандық халық депутаттары Кеңестерінің депутаты болып сайланды. Демалысқа шығып Мирный кенті шағын ауданының қоғамдық Кеңесін басқарды. КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Халықаралық Академия ғылымдарының тілші мүшесі. Қылмысқа қарсы күреске, сараптамалық криминалистиканың дамуына қосқан зор үлесі, белсенді қоғамдық жұмыстары үшін 2001 жылғы 5 сәуірде «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күн: 5 сәуір 2001 ж.