Дана Исағұлқызы

Данагүл Исағұл

1997 жылы 18 қазанда Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген. Топтама өлеңдері «Өтүкен», «Тұмар», «Шұғыла» журналдары мен түрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген.

2015 жылы Баян-Өлгий қалалық Н. Баялхан атындағы №5-ші толық орта мектебін бітірген. 2015-2019 ж.ж. С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы «Филология» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚУ магистратурасын бітірді.

2019 жылғы «Қасиетті қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалінің гран-при, 2021 жылғы «Тәуелсіздік – жыр басы» облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері, Өскемен қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебінің мүшесі. Филология ғылымдарының  магистрі.

***

Кітап алсаң, қолға,
Кітапхана – үйің.
Шеше аласың сонда,
Сұрақтарды қиын.

Ал театр – өмір,
Сүретұғын балқып.
Достым, сендік көңіл,
Бәрінен де артық!

Жаздың күліп бағы,
Апарсын деп күзге,
Шақырамыз тағы,
Кел, балақай, бізге.