Дегтярев Василий Дмитриевич

1915 жылы 25 сәуірде Өскемен губерниясының Тульский ауылында дүниеге келген. Атақты металлург, В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатының катодчикі, Социалистік Еңбек Ері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскери наградалары бар. 1946 жылдан бастап өзінің өмірі мен еңбектік қызметін қорғасын-мырыш комбинатымен байланыстырды, онда металлургиялық өндірісті меңгеріп, катодчик Дегтярев мектебін құрды. Оның еңбегі көптеген үкіметтік наградалармен белгіленді, оның ішінде Лениннің екі ордені, «Еңбек үздігі» медалі, ал 1963 жылы түсті металлургияны дамытуда жеткен жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Облыс пен қалада үлкен қоғамдық жұмыстарды жүргізеді, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жергілікті Кеңестерінің халық депутаты болып сайланды. 1970 жылы қаланың 250-жылдығы қарсаңында Өскемен қаласының Құрметті азаматы жоғары атағына ие болғандардың бірінші ондығына кірген.

Атақ берілген күн:  14 желтоқсан 1970 ж.