2012 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың достығын бейнелейтін мүсіндік композиция – “Достық” стелласы орнатылды. Жаңа мүсіннің авторы – атақты өскемендік шебер Владимир Самойлов. Мүсінде әйел, шаңырақ және одан шығатын түрлі-түсті сәулелер бейнеленген. Пайдаланылған материалдар: металл, талшықты шыны және пластик. Мүсіннің биіктігі 11,5 метр. Мүсін Қазақстанда бірінші болып ашылған облыстық Достық үйінде орналасқан. Оны мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы ашқан. “Бұл жұмыстың мәні қарапайым, анық және мағыналы. Бұл – достық. Сондықтан біздің Елтаңбамыздағы Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш саясатының ресми символы болып табылатын шаңырақ пайдаланылған. Әйел бейнесі – бейбіт бастаманы, отбасылық ошақты және махаббатты бейнелейді. Ал түрлі-түсті сәулелер күн сәулесінің жалғасы болды”, – деді мүсіннің авторы Владислав Самойлов.
Стеланың жанында гранит плиталары орнатылған, онда Өскемен қаласының бауырлас қалаларының атаулары жазылған. Олар: Бобруйск (Беларусь), Бурса (Түркия), Барнаул (Ресей), Чугучак (Қытай), Каннынг (Корея) және Йокнеам (Израиль). Осылайша, жаңа мүсіндік композиция егемен Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы және ішкі саясатын бейнелейді.
Ескерткіштің ашылған күні: 1 мамыр 2012 жыл.