Дубаева Назым Егизбаевна

Дубаева Назым Егизбаевна Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының тұрғыны, бес баланың анасы.

Қуыршақтарға киім тігуді кішкентай кезінен бастады, мектептен кейін Семей сервис колледжін аяқтады. Назым «Семейснаб», «Баязи» фирмасында жұмыс істеген, 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Бірақ көп балалы жанұя болғандықтан жұмысты тастауға тура келді.

2021 жылы ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының «Бастау бизнес» бағдарламасы  бойынша курсын оқып, грант иегері атанды. Грант қаражатына заманауи тігін машинкаларын алып, сүйікті ісімен шұғылдану мүмкіндігіне қол жеткізді. Кәсіпкер төсек жабдықтарын, маскалар, балалардың киімдерін және тапсырыспен әр түрлі киімдер тігеді.

Дорошенко Х. Истории предпринимателей Восточного Казахстана [Электронный ресурс] : [биография предпринимателя Н. Е. Дубаевой] . – Режим доступа: https://www.facebook.com/groups/502266254367589 (Дата обращения 15.02.2022)