Екатерина Емельяновна Головатая

1951 жылы 2 маусымда Беларусия Республикасының Витебск облысы Орша қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Екатерина Емельяновна «Могилев» педагогикалық институтында оқыды. Беларуссияның Городецк ауылында орыс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. Институтты бітіріп, бөлу бойынша Қазақстанға көшіп келді. Содан бері Зырянда тұрады, туған жеріне айналған бұл өлкені жақсы көреді.

Көп жылдар бойы бастауыш сынып мұғалімі және балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеді. Екетарина 1976 жылдан бастап өлең жаза бастады.

Балалармен сабақтарды қызықты ету үшін балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істей отырып, ол балалар өлеңдерін жиі жазатын. Жұмыс істеген жылдар ішінде Екатеринаның көптеген өлеңдері жинақталып «Яблочко на двоих» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Оның өлеңдері қарапайымдылығымен  балаларға  қатты ұнайды.

Екатеринаны Зряндықтардың көбісі әлі күнге дейін екінші ана деп атайды. Ол бәріне назар аударуға, түсінуге, өкінуге, көңіл бөлуге мүмкіндік беретін нағыз мұғалім…

Екатерина «Заря Востока» газетінде, «Звено Алтая» альманахында, «Бухтарминские радуги» жинағында жарияланады,  «Золотой Тургусун» фестивалінің және көптеген конкурстардың қатысушысы.