Елена Петровна Круглова

Елена Петровна Круглова

10 маусым 1957 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келді.

1978 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетін бітірді және Таврия ауданының Привольный орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа кірісті.

1983 жылғы 24 қазаннан бастап – кадрлар жөніндегі әдіскер, қаланың Октябрь Білім бөлімінің инспекторы, бұдан әрі бас маман, ал 2002 жылдан бастап ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2007 жылдан бастап әкімшілік секторының меңгерушісі.

Еңбек өтілі 44 жыл.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап Елена Петровна Круглова жасына байланысты Мемлекеттік қызметтің аяқталуына орай Өскемен қаласының білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинетінің тіл пәндері бойынша әдіскер лауазымында кәсіби қызметін жалғастырып, жас мамандарға көмек көрсетуді және жинақталған тәжірибені іске асыруды жалғастыруда.

Елена Круглова Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, сайлау жүйесінде 37 жылдық тәжірибесі бар. Көп жылғы адал еңбегі үшін көптеген көтермелеулер мен марапаттарға ие, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медалі бар.

2022 жылғы қарашада Ел Президенті сайлауын сапалы дайындауға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат табыс етілді.

Дереккөз: https://vk.com/id356703368 

2022 жылғы 27 желтоқсанда   қаланың білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Өскеменнің құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 27 желтоқсан 2022 жыл.

Дереккөз:

https://yk-news.kz/news/Почётных-граждан-в-Усть-Каменогорске-стало-больше