2011 жылдың 25 тамызында КСРО машинажасау министрі, Өскеменнің құрметті азаматы, үш дүркін Социалистік еңбек ері Ефим Славскийдің кеуде мүсіні Славский атындағы Ертіс жағалауында орнатылған.
«Славский Кеңестер Одағының техникалық дамуына септігін тигізерлік министрлік қана құрып қойған жоқ, ол сонымен қатар қазақстандық атом энергетикасының негізін қалады. Оның басшылығымен салынған Үлбі металлургиялық комбинаты әлі күнге дейін «Қазатомөнеркәсіптің» ең басты кәсіпорны болып табылады». Өскемендегі бірқатар әлеуметтік нысандар – Орталық мәдениет сарайы, пионерлер үйі, жас техникетр стансасы, спорт сарайы, Ертіс жағалауындағы тұрғын үй кешені салынған. Ефим Славскийдің қола мүсінін Хамит Күлшаев (Өскемен) және Александр Лягин (Мәскеу), Үлбі металлургиялық зауыты (ҮМЗ) жобасы бойынша дайындап шықты. Жұмысты қаржыландыруды «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жүргізді. Бюстің биіктігі – 1,6 метр, гранит тұғырымен бірге 4,5 метр.
Ескерткіштің ашылған күні: 25 тамыз 2011 жыл.