Колосова Марина Викторовна 1962 жылы 26 қазанда ШҚО Зырян қаласында (қазіргі Алтай қаласы) дүниеге келген. 1966 жылдан бері Өскемен қаласында тұрады. Жоғары білімді: Өскемен педагогикалық институтының (филология факультеті) (1980-1984 жж.), Орталық Азия университетінің (кітапхана-библиографиялық факультеті) (2002-2004 жж.) және Алматы рухани семинариясын (теология-миссионерлік факультеті) (2011-2017 жж.).
Облыс орталығындағы мектептер мен кітапханаларда, соның ішінде Орталық балалар кітапханасы мен ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында; бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта Өскемен және Семей епархиясының ақпараттық бөлімінің басшысы болып істейді. Бала кезінен өлең жазады. Кемел жасынан балалар мен ересектерге арналған өлеңдер мен ертегілерді жазумен қатар, жергілікті ақын С.Ғабдуллиннің өлеңдерін қазақ тілінен орыс тіліне (жолма-жол) поэтикалық аударумен айналысады.
Оның өлеңдері ресейлік және қазақстандық журналдар мен газеттерде, интернет-ресурстарда жарияланды. Самиздат желісі бойынша үш өлеңдер жинағы бар. 2013 жылы Шығыс Қазақстан ақындарының «Над Свято-Троицким звонят колокола» атты поэтикалық жинағында өлеңдері басылып шықты.