1952 жылы 1 қазанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1969 жылы №15 орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Әскері қатарына шақырылады. 1977 жылы Өскемен құрылыс – жол институтының «Құрылыс – жол машиналары және жабдықтары» факультетін үздік бітірген.
Өскемен қалалық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1978-1980 жылдары жоғары партия мектебін оқып, бітірді. 1979 жылы Сергей Викторович Өскемен қаласының Октябрь аудандық партия комитетінің партиялық комиссиясын басқарды. 1979-1982 жылдары Өскемен қалалық Комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1982 жылы С.В.Коротин «Востокгражданстрой» Біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.
1984 жылы сәуірде Сергей Викторович Чукоткаға, Магадан облысының Провидения ауылына қоныс аударды. Теңіз портына докер болып жұмыс істейді. Сол жылдың маусым айында «Провидения» теңіз порты бастығының тұрмыс және әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
1988 жылдың қаңтарында С.В.Коротин Магадан қаласына көшіп барып, «Саяхат және экскурсия бюросын» басқарады. Сергей Викторович өзінің бизнес саласындағы алғашқы қадамдарын 1989 жылы Магаданда жасап, кәсіпкерлікті өз өмірінің ісі ретінде айқандады. 1992 жылдың желтоқсан айында өзінің туған қаласына оралып, «Прогресс» қауымдастығының Шығыс Қазақстан филиалын ұйымдастырып, басқарды. 1995 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Фирма «НКГ» ЖШС басшысы, ал 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ореол Ltd» ЖШС басшысы болып табылады.
Бизнесмен С.В.Коротиннің қызметінің негізгі миссиясы Өскемен мен облыстағы сауда-саттық саласын әлемдік стандарттар деңгейіне лейін дамыту және сол арқылы өңіріміздің мәртебесін арттыру болып табылады. Қалалық мәслихаттың V, VI, VII шақырылымдарының депутаты. Сергей Викторович «NurOtan» фракциясының жетекшісі және «NurOtan» партиясы өскемен қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттар клубының төрағасы.
Көпетеген жылдар бойы Сергей Викторович Коротин жақсылық жасау үлгілерін ұстанады – ол әрқашан біреудің ауыртпалығына жәрдемдесуге немесе әлеуметтік маңызы бар жобаны қолдауға дайын.
Еліміздің қоғамдық – саяси өміріне белсене араласады. Көптеген үкіметтік және халықаралық марапаттарға ие болған, олардың ішінде: қазақстан Республикасындағы қайырымдылық және меценаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі, «Шапағат» («Мейірімділік») медалі, «Халық алғысы» медалі бар. С.В.Коротин ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» Республикалық сыйлығының иегері.Сергей викторович Иерусалимнің Әулие Лазарус орденінің рыцарлығына көтерілген және көрсеткен абыройы, қадір – қасиеті және еолігі үшін Королева Виктория атындағы орденмен марапатталған.