Күндер күнтізбесі 2020 ж.

  ҚАҢТАР
1- Кеңес Одағының Батыры Иван Павлович Копыловтың (1920-1982) туғанына 100 жыл.
Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың (1925 – 1996) туғанына  95 жыл.
Композитор, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР-ның мәдениет үздігі (2001)

Сергей Яковлевич Чибисовтың (1945-) туғанына 75 жыл.

2- Белгілі композитор, Сазгер, ұстаз «Халық ағарту ісінің озық қызметкері»

Уәли Иманғалиұлы Айдаболовтың (1930-2000) туғанына 90 жыл.

5- Ақын Павел Николаевич Васильевтің (1910-1937) туғанына 110 жыл.
7- Суретші, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Панама мәдениет институты және көркемөнер академиясының

құрметті мүшесі Анатолий Степановтың (1940-2018) туғанына 80 жыл.

8- Жазушы Виталий Старковтың (1935-2011) туғанына 85 жыл, «Иртышские подсолнушки» әңгімелер жинағы мен

«Абитуриенты», «Что с тобой мальчик?» повестері және «После вешней воды» әңгімесі жарық көрген.

10- Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі Әбілғазы Қайырбековтың (1955-) туғанына 65 жыл.

18- Кеңес Одағының Батыры, Иван Михайлович Ландышевтің (1925-1945) туғанына 95 жыл.
20- Кеңес Одағының Батыры Павел Федорович Кольцовтың (1910-2011) туғанына 110 жыл.
21-

 

Самбошы, түйе балуан атағын жеңіп алған, дзюда күресі бойынша чемпион, самбо күресінен

халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Мәскеу қаласында әлем кубогы үшін өткен сайыстың қола жүлдегері (2006),

Кореяның Пусан қаласында өткен Бүкіләлемдік ойындардың күміс жүлдегері (2008) Мақсат Мәзібаевтың (1985-) туғанына 35 жыл.

Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті (2011), «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері,

Республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті (2000) Қайрат Тұрлыхановтың (1960) туғанына 60 жыл.

22- Ақын, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Виктор Аксеновтың (1935-2014) туғанына 85 жыл. «Дым отечества», «Искушение», «Свет Иисуса», «В пути», «Баллады и поэмы», «Стихи и рассказы», «Долг», «Песни и романсы», «Война» кітаптары мен ғылыми жұмыстары (132) жарық көрген.
27- Ақын, жас ақындардың республикалық «Жігер» фестивалінің (1978), Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (1996), Шығыс Қазақстан облыстық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері Төлеген Жанғалиевтің*  (1950-) туғанына 70 жыл.
28- Өскемен қаласындағы казақ бастауыш мектебінің (қазіргі Жамбыл атындағы мектеп-интернат, 1920) ашылғанына 100 жыл. Ол ауылдың кедей балаларына арналған қырғыз бастауыш мектебі ретінде қаланған. 1938 жылы мектеп-интернатқа қазақтың ақыны Жамбыл Жабаевтың есімі берілді.
  АҚПАН
2- Жазушы, әдебиеттанушы, тарихшы, филология

ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1984), Түркияның халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының иегері Мұхтар Мағауинның (1940-) туғанына 80 жыл.

7- Еркін күрес, самбо, дзюдодан КСРО-ның, қазақша күрестен Қазақ КСР-інің спорт шебері, (1980, 1981 жж.) Қазақстан чемпионы Жексен Икамбаевтың (1955-) туғанына 65 жыл.
Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл (1995).
12- Актер, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі (1958) Нуритдин Мұхаметқалиұлы Атахановтың (1905-1974) туғанына 115 жыл.
15- Актриса, әнші, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1928) Күләш Сырымбетқызы Сәкиеваның (1920-2019) туғанына 100 жыл.
16- Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Экология академиясының академигі (1999), ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Мәрзия Тұрлыханованың (1940-2019) туғанына 80 жыл.
17- Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1997), ҚР ҰҒА-ның академигі (2003), «Құрмет» орденімен марапатталған Серікбек Дәукеевтің (1950) туғанына 70 жыл.
21- Музыкант, «Лето» ансамбілінің жетекшісі, Өскемен қаласына арналған ең жақсы әндер байқауының лауреаты, Виктор Васильевич Сычуктың (1955-) туғанына 65 жыл.
23- Шығармалары мерзімдік басылымдарда жарияланып тұрған жазушы, «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!» деректі повесі, «Асыл жиреннің киесі» әңгімелер жинағы жарық көрген Сәдібек Түгелдің (1955-) туғанына 65 жыл.
24- Кеңес Одағының Батыры Владимир Мызының (1915 – 1944) туғанына 105 жыл.

 

  НАУРЫЗ
1- Қазақ кеңес жазушысы, ақын, фольклоршы, композитор, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1939), Ұлы Отан соғысына қатысушы Шәкір Әбеновтың (1900-1994) туғанына 120 жыл.
3- Журналист, жазушы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Әзімхан Садуақасовтың (1930-) туғанына 90 жыл.
5- Әнші, композитор, алпысқа жуық әннің авторы, «Үкілі үміт» атты республикалық композиторлар байқауының (1993), Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық, республикалық композиторлар байқауының жүлдегері Кентау Назарбектің (1965-) туғанына 55 жыл.
6- Ақын, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1999), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1984), Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (1996) Асқар Егеубаевтың (1950-2006) туғанына 70 жыл.
7- Хоккейші, қысқы Азия ойындарының жеңімпазы (1999, 2011) Алексей Литвиненконың (1980-) туғанына 40 жыл.
13- Композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Теміржан Базарбаевтың (1935-2006) туғанына 85 жыл.
14- Жазушы, драматург, кинодраматург, киносценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000) Қалихан Ысқақтың (1935-2014) туғанына 85 жыл.
15- Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1989), «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Үдербаеваның (1950-) туғанына 70 жыл.
16- Абайтанушы, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов мұраларын насихаттауда ұлан-ғайыр еңбек еткен шежіреші Бекен Исабайұлының (1930-) туғанына 90 жыл.
18- Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995), кино және театр актері Төлеубек Аралбайдың (1950-) туғанына 70 жыл.
21- Жазушы, Жастар одағы және Журналистер одағы сыйлықтарының иегері (1998), Халықаралық, республикалық бәйгелердің бірнеше дүркін жеңімпазы Айгүл Кемелбаеваның (1965-) туғанына 55 жыл.
25- Шаңғышы, ҚР спорт шебері, Қысқы Азия ойындарында эстафетадан 1-орынды, спринттен 2-орынды иеленген (2011) Александр Бабенконың (1980-) туғанына 40 жыл.
27- Ақын, Пушкин атындағы сыйлықтың иегері (1999), оннан астам кітаптың авторы, көптеген жинақтар мен альманахтарды әзірлеп, шығаруға қатысқан, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Евгений Курдаковтың (1940-2002) туғанына 80 жыл.
29- Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының қазіргі тарихы туралы құжаттар орталығының құрылғанына 100 жыл (1920 ж.).
31- Биатлоншы, әлем чемпионатында жазғы биатлоннан спринтте күміс, ізбе-із жүруде қола медаль иеленген (2008), Олимпиадалық ойындар (2010) мен екі әлем чемпионатының қатысушысы, ҚР чемпионы Диас Кенешовтың (1985) туғанына 35 жыл.
Өскемен Титан–Магний комбинатының (1965) іске қосылғанына 55 жыл.
  СӘУІР
1- Абай атындағы мемлекеттік тарихи, мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайына 70 жыл (1940 ж.).
Катонқарағай ауылында қазақ қыздарына арналған училищенің (1920) ашылғанына 100 жыл.
7- Жазушы Мария Бельскаяның (1925-) туғанына 95 жыл. «Дети Арины» (1991), «Живу и помню» (2002) атты кітаптары жарық көрген, Шығыс Қазақстан туралы роман-эпопея жазған.
8- Әдебиеттанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы, Болатжан Абылқасымовтың (1950-2009) туғанына 70 жыл.
9- Жазушы, аудармашы, әзіл-сықақ шығармалары «Қымызхана», «Тамаша» театрларында қойылған, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазған, 14 жинақтың авторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлының* (1935-) туғанына 85 жыл.
13- Глубокий ауданының Черемшан құс фабрикасының ( 1970) ашылғанына 50 жыл.
14- Ақын, жазушы, «Жалын» баспасы ұйымдастырған республикалық жабық бәйгенің екі дүркін жүлдегері, шығармалары орыс, поляк, моңғол, шешен, украин, белорус тілдерінде жарық көрген, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғабиден Құлахметтің* (1955-2006) туғанына 65 жыл.
Театртанушы, театр өнері, спектакльдер мен сахна шеберлері жайында жазылған отыздан астам мақалалары республикалық газет-журналдарда, ұжымдық жинақтарда жарық көрген, Өнертану ғылымдарының кандидаты (1999) Бақыт Нұрпейістің (1970-) туғанына 50 жыл.
17- Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылғанына 70 жыл (1940 ж.).
22- Саяси жер аударылған, Николай Эрнестович Ватсонның (1865-1895), туғанына 155 жыл.
24- Мүсінші, Өскемен қаласындағы Ю. Ушанов және Зайсан қаласындағы Н. М. Пржевальский ескерткіштерінің авторы Георгий Алексеевич Огневтің туғанына 95 жыл (1925-).
  МАМЫР
1- Мұғалім, КСРО ағарту ісінің үздігі (1986), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі (1993), «Құрмет» орденімен марапатталған Қанипа Бітібаеваның (1945-2014) туғанына 75 жыл.
7- Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған жауынгер-шығысқазақстандық жауынгерлерге ескерткіш орнатылды (1975). Өскемен қаласында құрылысы басталғаннан бері 45 жыл.
9- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, Жеңіс күніне (1945), 75 жыл.
20- Ақын, көптеген жыр жинақтарының авторы, Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жүлдегері Ерлан Ахметовтың (1975-) туғанына 45 жыл.
«Восточный Кольцо» трактісі құрылысының басталғанына 80 жыл (1940).
22- Жазушы, журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған Зайсан ауданының Құрметті азаматы Оңдасын Елубайдың* (1950-) туғанына 70 жыл.
  МАУСЫМ
1- Әдебиеттанушы, жазушы, филология ғылымдарының докторы (1973), профессор (1985), ҚР ҰҒА-ның                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               академигі (2003), КР Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Рымғали Нұрғалиевтің (1940-2010) туғанына 80 жыл.
6- Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәлелбек Батырдың (1955)  туғанына 65 жыл.
9- Биатлоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі Виктория Афанасьеваның (1985-) туғанына 35 жыл.
15- Жазушы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Нұрдәулет Ақыштың (1950-) туғанына 70 жыл.
Композитор, сыбызғышы, КСРО Мәдениет министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған Ахметхан Алпысбаевтың (1950-) туғанына  70 жыл.
16- Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дидахмет Әшімханұлының* (1950-2015) туғанына 70 жыл.
Жазушы, 3-дәрежелі Даңқ орденінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері Кәмен Оразалиннің (1920-2008) туғанына 100 жыл.
20- Кеңес Одағының Батыры Жәнібек Елеуісовтың (1925-1996) туғанына 95 жыл.
29- Жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет Қайраткері» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Айтмұханбет Қасымовтың (1950-) туғанына 70 жыл.
  ШІЛДЕ
1- Риддер өлкетану мұражайының (1960) ашылғанына 60 жыл.
Балалар жазушысы, педагог, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Бәдел Тұрсынбаевтың (1905-1967) туғанына 115 жыл.
2- Өскемен қаласы салық комитетінің (1990) құрылғанына 30 жыл.
15- Суретші, ұлттық саз аспаптарын жасау шебері, КР мәдениет қайраткері, халықаралық ғылыми-шығармашылық фестивалінің лауреаты Жолаушы Тұрдығұловтың (1950-) туғанына 70 жыл.
20- Ауған соғысының ардагері, Бокстан КСРО спорт шеберлігіне кандидат Қайрат Мусиннің (1960-) туғанына 60 жыл.
22- Биатлоншы, жастар арасындағы әлем чемпионы (2005), Қытайда өткен IV Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2007), Азия чемпионы (2008), Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы (2011), халықаралық дәрежедегі спорт шебері Инна Можевитинаның (1985-) туғанына 35 жыл.
  ТАМЫЗ
1- Жазушы, домбырашы Таласбек Әсемқұловтың (1955-) туғанына 65 жыл.
2- Кеңес Одағының Батыры (1945), аға сержант Валерий Величконың (1925-1944) туғанына 90 жыл.
Композитор, продюсер, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Еркін Ынтықбаевтың* (1960-) туғанына 60 жыл.
9- Жібек маталар комбинаты (КШТ) ауданын қаламен байланыстыратын Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің пайдалануға берілгеніне 50 жыл (1970-).
10/23- Әлемдік деңгейдегі ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаған  классик Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың* (1845-1904) туғанына 175 жыл. [ескіше 29 шілде].
11- Кеңес Одағының Батыры Альберт Викторович Крониттің (1925-1983) туғанына 95 жыл.
«7 күн» газетінің алғашқы санының жарық көргеніне 20 жыл (1995).
14- Республикамыздың ең ірі гидроэлектростанциясы – Бұқтырма гидроэлектростанциясының алғашқы генераторының іске қосылғанынан 60 жыл (1960).
18- Техника ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған Марат Бітімбаевтың (1940-) туғанына 80 жыл.
21- Грек-рим күресінің балуаны, ҚР, Азия чемпионы (2008), Азия ойындарында күміс жүлде еншілеген (2010), халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дархан Баяхметовтың (1985-) туғанына 35 жыл.
24- Кеңес Одағының Батыры Сергей Алексеевич Батинковтың (1920-1985) туғанына 100 жыл.
30- Халықтар Үйінің ішінен ұйымдастырылған Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының (1915) ашылғанына 105 жыл.
Өскемен қаласының іргетасы қаланғанына (1720) 300 жыл
  ҚЫРКҮЙЕК
1- Жазушы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған Толымбек Әбдірайымның (1955-) туғанына 65 жыл.
4- Жазушы Заманбек Жәкеновтің (1930-1996) туғанына 90 жыл.
15- Кеңес Одағының Батыры Лаврентий Сергеевич Константиновтың (1910-1948) туғанына 110 жыл.
20- «Алтайэнерго» Алтай энергетикалық жүйесін құрудың бастауы болған Алтай полиметалл комбинаты Риддер энергетикалық дирекциясының құрылғанына (1940) 80 жыл.
21- Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосыновтың (1925-1977) туғанына 95 жыл.
22- Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, «Парасат» орденімен марапатталған Несіпбек Айтұлының* (1950-) туғанына 70 жыл.
23- Қақпашы, Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1998), «Алтын шлем» сыйлығының иегері (2000, 2005),  Шпенглер кубогын иеленген (2008), Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы (2011), Виталий Еремеевтің (1975-) туғанына 45 жыл.
                                      ҚАЗАН
1- Жазушы, Көкей Сақабайұлының (1930-1995) туғанына 90 жыл.
8- Биатлоншы, жастар арасындағы әлем чемпионы (2005), Қытайда өткен IV Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2007), Азия чемпионы (2008), халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Наумиктің (1985-)  туғанына 35 жыл.
15- Актер, Мәдениет қайраткері, Жастар сыйлығының иегері (1992), ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен марапатталған (2001) Ақыш Омаровтың (1955-) туғанына 65 жыл.
16- Абайдың Семей мемлекеттік тарихи-мәдени, әдеби және мемориалдық мұражай-қорығының ашылғанына 80 жыл (1940).
Режиссер, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1995) Ерсайын Тәпеновтың (1945-) туғанына 75 жыл.
17- Эстрада әншісі, «Янтарный соловей» (1996) және «Әлібек Дінішевтің театры» (1998) атты халықаралық байқаулардың лауреаты Толқын Забированың  (1970-) туғанына 50 жыл.
19- Ақын, сатирик, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Мыңбай Рәштың (1930-) туғанына 90 жыл.
25- Мұғалім, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері Құмаш Нұрғалиевтың (1925-1988) туғанына 95 жыл.
28- Кинорежиссер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Апырамовтың (1960-) туғанына 60 жыл.
  ҚАРАША
4- Балет әртісі, «Жігер» фестивалінің, Мәскеуде өткен бүкілодқтық жас бишілер мен балетмейстерлер байқауының және Варна мен Парижде өткен халықаралық бишілер байқауының лауреаты (1988), Қазақстанның халық әртісі (1995) Бақытжан Смағұловтың (1965-) туғанына 55 жыл.
9- Ақын, педагог, Халық ағарту ісінің үздігі, Үржар ауданының Құрметті азаматы, Жабайыл Бейсеновтің (1935-) туғанына 85 жыл.
13- Хоккейші, Бірнеше мәрте КСРО чемпионы (1976), халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы Борис Александровтың (1955-2002) туғанына 65 жыл.
14- Жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Тұрысбек Сәукетайдың (1950-) туғанына 70 жыл.
15- Драматург, Ұлттық «Астана-Бәйтерек» байқауларының лауреаты, Қазақстан авторлар қоғамы драматургия саласының лауреаты Өмірбек Боранбаевтың (1950-) туғанына 70 жыл.
16- Әнші, бірқатар әндердің авторы, Ш.Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының (2001),  «Жаңа ғасырға – жаңа ән» байқауының (2002) лауреаты, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Тоқтар Серіктің (1975-) туғанына 45 жыл.
20- Хор дирижері, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1967) Гүлжазира Ахметованың (1930-) туғанына 90 жыл.
Ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері (2010), Республикалық ақындар жыр сайысының жеңімпазы Азамат Тасқараұлының (1990-) туғанына 30 жыл.
24- Балалар жазушысы, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған Сапарғали Бегалиннің (1895–1983) туғанына 125 жыл.
  ЖЕЛТОҚСАН
2- Ақын, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығымен марапатталған Тоқтарбек Қызықбайдың (1940-2005) туғанына 80 жыл.
9- Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Ботаника және фитоинтродукция институтының филиалы – Алтай ботаникалық бағының құрылғанына 85 жыл (1935).
12-  Заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, профессор (1996), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1996), Нью-Йорк Ғылым академиясының толық мүшесі (1997), Астана қаласының Құрметті азаматы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің* (1960) туғанына 60 жыл.
19- Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың* (1920-1942) туғанына 100 жыл.
25- Ақын, бірнеше мүшәйраның, Алматыда өткен Түркі дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұрлан Мәукенұлының (1960-2003) туғанына 60 жыл.
26- Боксшы, Қазақстан чемпионы, Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан ҚР спорт шебері, Гунчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған (2010) Данабек Сужановтың (1985-) туғанына 35 жыл.
27- Тілтанушы, филология ғылымдарының докторы Ербол Жанпейісовтың (1930-) туғанына 90 жыл.
Жазушы, журналист, көптеген прозалық шығармалардың авторы, РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970) Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Ефим Пермитиннің (1895-1975) туғанына 125 жыл. (Басқа мәлімет бойынша 8.01.1896-18.04.1971.)
29- Тишин кенішінің (1965) пайдалануға берілгеніне 55 жыл.