Мерей Қарт

1989 жылы 4-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Тарба­ғатай ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келген. Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын мектеп-интернатта оқыған. 2007-2011 жылдары Семей мемлекеттiк педагогикалық институтының қазақ филология факультетiнде білім алған. Филология ғылым­дарының магистрі. Семей­дегі Абай атындағы мемле­кетт­ік қазақ музыкалы драма театрының әдебиет бөлім меңгерушісі. Алтын тобылғы әдеби байқауының гран-при иегері. ҚР “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар Одағының Семей өңірі филиалының төрағасы.

Республикалық «Жұлдыз», «Тұмар» журналдарында, «Ана тiлi», «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде жырлары жарыққа шыққан. «Есiмiң сенiң…» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрген.