Кеңес Одағының ақыны, Ленин сыйлығының лауреаты, ҰОС батыры, жазушы, татар ақыны Мұса Жәлелдің қола мүсіні Үлбі өзенінің жағалауында, Протозанов және Қайсенов көшелерінің қиылысында орнатылған. Ескерткіш барлық этномәдени бірлестіктердің, кәсіпкерлердің және Өскемен қаласы тұрғындарының қатысуымен жасалған. Ескерткіш өлшемі: 1,5х1,5
Авторы: Татарстанның еңбек сіңірген мүсіншісі Махмуд Сазимов. Ескерткіштің ашылған күні: 20 маусым 2015 жыл.