Назерке Серікқызы
1997 жылы наурыз айының 15-ші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Жас қаламгер жүзге жуық өлеңнің, онға тарта әңгіменің, жиырмадан аса балаларға арналған ертегілердің авторы. Жетістіктері: «16 – желтоқсан тәуелсіздік күніне» арналған және Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өткізілген «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты қалалық ақындар мүшәйрасында бас жүлде, Оралхан Бөкейді еске алуға арналған, Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты жас ақындар мүшәйрасының, Республикалық Сырым Датұлы көтерілісінің 235 жылдығына арналған «Сырым жортқан сары дала» атты жас ақындар мүшәйрасының ІІ орын, Мұса Жәлел атындағы Республикалық жазба ақындар мүшәйрасының III орын иегері. Өлеңдері қалалық және Республикалық газеттер мен журналдарда жарық көрген. Ертегілері «ORDAGEN» диск қосымшасында және «Орда» ертегілері кітабының бірінші нұсқасында жарияланған. Жас қаламгер, ақын, прозашы және балалар жазушысы.