Нугыманова Камшат Әбілғазықызы. 1982 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. «ШҚО педагогикалық колледжінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. Қазіргі таңда Өскемен құрылыс колледжінде қызмет атқарады. Аудандық, облыстық мүшайралар жеңімпазы. Қазақ-мажар балалар әдебиеті жобасының мүшесі. Ертегілері мажар тіліне аударылып, екі елдің ортақ платформасында жарық көрді. Балаларға арнап ертегі, өлең, әңгімелер жазады.