Оралхан Бөкей ескерткіші

2013 жылдың 30 тамызында  белгілі қазақ жазушысы, публицист, драматург, танымал қоғам қайраткері Оралхан Бөкейдің  70 жылдығына орай ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш – жазушының мүсіні орнатылған, гранит қаптамасы бар постамент. Әкімшілік жергілікті қала тұрғындарына ескерткішті орнатуға ыңғайлы жер таңдауды ұсынды. Нәтижесінде мектеп оқушылары мен басқа да қала тұрғындарының таңдауы ЖМК (КШТ) шағын ауданына түскен болатын. Сондағы қазақ мектептерінің бірі Оралхан Бөкейдің атымен аталады.

Бюст полимерлік саздан жасалған. Авторлары – Өскемен қаласының мүсіншілері Владимир Самойлов және Евгений Непьянов.

Ескерткіштің ашылған күні: 30 тамыз 2013 ж.