Өскемендегі Защита станциясында теміржолшылар күніне орай ерекше «Паровоз» ескерткіші орнатылды.
Белгілі конструкторлар Л.Лебедянский мен С.Сыромятников құрастырған бұл паравоз – екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Коломен зауыты мен ВНИИЖТ бірлесіп жасаған кеңестік магистральды жүк паровозы. Ол 1945 жылдан 1955 жылға дейін шығарылған. Кеңес Одағының темір жол желісінде ұзақ пайдаланылған паровоздардың бірі болып табылады. Осы паровоздарды құрастырушы-әзірлеушілер Сталин сыйлығымен марапатталған.
Ескерткіштің ашылған уақыты: тамыз 2013 жыл.