Рахимов Курмат Рахимович

Рахимов Курмат Рахимович

1924 жылы Қызылтас ауылында дүниеге келген.

Күршім орта мектебінде оқыды, «Ленинск» кенішіндегі шахтада жұмыс істеді.

2 тамыз 1942 жылы педагогикалық техникумының студенті ретінде жалпы әскери бөлімге шақырылды.

1943 жылдың соңында Москваның маңындағы Кунцево қаласындағы оқу орнына жіберілді.  Одан кейін Ішкі істер халық комиссариатының әскеріне жіберілді. Жарты жыл сержанттар мектебінде және екі ай «Әйелдер әскери құрамаларындағы жұмыс ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша оқыды. Ол әйелдердің екі батальонын дайындауға қатысты, осылайша олар одан әрі аса маңызды нысандарды күзетуде ер адамдарды алмастыра алады.

1944 жылы Литвада ол командирлікті қабылдады және жүргізген операция барысында жау тойтарылып, «тіл» штабқа жеткізілді, ол үшін өзінің алғашқы «Ерлігі үшін» жауынгерлік медалін алды. Бөлімнің қатарында Беларусь, Пруссия бүкіл аумағын жүріп өтіп, Кенигсбергті басып алумен аяқтады.

Соғыстан кейін Курмат Рахимов Каменец-Подольскдегі әскери училищені бітірді, Туркмения мен Иран, қазақстан-қытай, совет-жапон шекараларындағы шекаралық бөлімдерде қызмет етті.

Демобилизация соң 1965 жылы Өскеменге келіп, облыстық ішкі істер басқармасында бастықтың орынбасары қызметін атқарды.

1981жылы зейнеткерлікке шықты.

Курмат Рахимович Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны  жеңгені үшін», «Ерен ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

https://www.kray.pushkinlibrary.kz/ru/kalendar/2948-rakhimov-kurmat-rakhimovich.html.

2023 жылдың 6 ақпанында елімізді дамытуға қосқан үлесі үшін «ШҚО-ның құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақтың берілген күні: 6 ақпан 2023 ж.

https://yk-news.kz/news/В-Восточном-Казахстане-почётных-граждан-стало-больше.

Әдебиеттер тізімі:

  • Рахимов, К. Р. Родился в Курчуме / К. Р. Рахимов. – Усть-Каменогорск, 2009. – 352 с.

Ол туралы:

  • Ким, Е. Кредо Курмата Рахимова / Е. Ким. – Текст : непосредственный // Рудный Алтай. – 2020. – 25 июня (№ 75). – С. 10 : портр.
  • Поломошнова, Л. Родился в Курчуме / Л. Поломошнова. – Текст : непосредственный // Шығыстың сақшылары = Полицейские Востока. – 2007. – № 2 – 4. – С. 22 – 23. : портр.
  • Штейн, Д. Признание достойным / Д. Штейн. – Текст : непосредственный // Рудный Алтай. – 2023. – 7 фев. (№ 15). – С. 1-2.