«САХНАНЫҢ ПІРІ ЕДІ…»

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Биыл, Қазақстанның халық әртісі СӘКИЕВА КҮЛӘШ СЫРЫМБЕТҚЫЗЫНА 100 ЖЫЛ.

ОБЖК ақпараттық-библиографиялық орталық Күләш Сырымбетқызының 100 жылдығына орай  құрастырылған «САХНАНЫҢ ПІРІ ЕДІ…» атты 7-8 сынып оқушыларына арналған  тұсаукесермен таныс болыңыздар. Өнердің самғау шыңы қашанда халық үшін атқарған еңбекпен өлшенсе керек. Өнерді – өмір таныған, өнерге мәңгілік айырылмас жарындай өзегін тосқан адам ғана барын бағына бағалата алмақ.  Күләш апамыз да сондай – өнерге өмірін арнаған адам. Ол кісі алған асу, шыққан биік өлке өнерінің мәртебесін көтерген, еселі еңбекпен ғана өлшенер игілік болып танылады. Жалпы Күләш Сәкиева драмалық өнерімен әншілікті сәтті шендестіре білген актриса.

«Театр дегеніміз – тірі кітап, ол адамтану ілімінің атасы», – деп М.Горький айтқандай, Күләш апамыз ұзақ жылдар жүріп өткен актерлік жолына үңіле түскенде, ұлы жазушының әлгі пікірі айқынырақ танылғандай болды. Себебі бұл кісінің зейнеті де, бейнеті де мол отыз бес жылдық актерлік қызметінің ұзақ тарихы түптеп келгенде театр тарихымен тамырлас. Қазақ сахна өнерінің соңғы отыз жылдық даму, өркендеу баспалдақтарын Күләш апамыздың творчествалық жемісті жұмысынан да аңғаруға болады.

Күләш Сырымбетқызы 2019 жылдың ақпан айында жүз жасқа қараған шағында өмірден өтті.