Саят Қамшыгер

 1978 жылы 1-ші мамырда Шығыс Қазақстан облысыЖарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1999 жылы үздік аяқтаған. Әр жылдарда Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда мұғалімҚазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп – интернатында, сондай – ақ  «Қайнар» университетінде аға оқытушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. 2005 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасына әдеби кеңесші.

1996 жылғы «Поэзия көктемі» жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 1998 жылы «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған «Артығали Ыбыраев» атындағы жас ақындар мүшәйрасының, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мүшәйраның, Астананың 10 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның, «Алаш және рух» жыр мүшәйрасының жүлдегері.

1999 жылы «Білім» баспасынан шыққан «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты студент ақындардың жыр жинағына, 2006 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» ұжымдық жинағына өлеңдері енген.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы.