Серік Оразбайұлы

Серік Оразбайұлы 1949 жылдың 10 қазанында Павлодар облысының Майск ауданы Майск ауылында дүниеге келген.

1965 жылы Өскемен қаласындағы № 8 кәсіптік техникалық училищесін слесарь-монтаждаушы мамандығы бойынша бітірген соң, Үлбі монтаждау басқармасына жұмысқа тұрды. 1973-1978 жылдар аралығында Өскемен Қорғасын-Мырыш Комбинатының үшінші цехында өнеркәсіптік жабдықтардың слесары болып жұмыс істеді. 1982-1996 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласады. 2011 жылдан бастап Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқаруының аумақтық кеңесінің төрағасы.

2019 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.

Атақ берілген күн: 23 желтоқсан 2019 жыл.