Ткач Вячеслав Михайлович 1961 жылы 2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Спасовка ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Петропавл қаласының музыкалық училищесіне оқуға түсті. Консерваторияда оқыған 1984-1989 жылдары концерттік қызметпен белсене айналысты. 1989 жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищенің “жеке ән айту” бөліміне оқытушы-иллюстратор болып жұмысқа қабылданды. 1992 жылы «Қазақстанның музыкалық қайраткерлері» одағына қабылданды. Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарын және Қазақстан Республикасының көптеген қалаларын аралап, өзінің педагогикалық қызметін концерттік бағдарламасымен ұштастырды.
2019 жылы 23 желтоқсанда Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін “Өскемен қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.
Атақ берілген күн: 23 желтоқсан 2019 жыл