Хмелев Александр Леонидович 1964 жылы 1 наурызда Тәжікстанның Душанбе қаласында дүниеге келген.
1986 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін аяқтап, «Экономист-математик» мамандығын алды. Жоғары білім алғаннан кейін Александр Леонидович өзінің еңбек жолын Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазіргі Өскемен металлургия кешені) электр механигі болып бастады, содан кейін инженер-бағдарламашы қызметін атқарды. 1997 жылы «Қазмырыш» ЖШС-де бас бухгалтер болып тағайындалды. Содан кейінгі әр жылдары компанияның қаржы жөніндегі вице-президенті, басқарушы директоры лауазымдарын атқарды. 2014 жылдан бастап қазіргі кезге дейін “Қазмырыш”ЖШС-нің бас директоры.
2013 жылы «Құрмет» орденімен, 2016 жылы «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
2019 жылы 23 желтоқсанда Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін “Өскемен қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.
Атақ берілген күн: 23 желтоқсан 2019 жыл.