«Шашу» мүсіні

Қазақстан көшесінде орналасқан Бота Машраповтың мүсіні сұр граниттен жасалған. Автордың идеясы – қазақ халқының “шашу”дәстүрін тасқа бедерлеп салу.  Бұл ескіліктен бізге жеткен және осы күнге дейін орындалып келе жатқан қуаныштың белгісі.  Тәтті-дәмді, қант-кәмпит, құрт-ірімшік, өрік-мейіз, толтырылған тостағандағы шашуды жасы үлкен әйел шашады. Шашылған шашуды қуанышқа куә болған үлкен-кіші таласып теріп алады. Бұл қуаныш бізге де жұғысты болсын деген ниет, ырым.

Тек қазаққа тән бұл жоралғы келін түскенде, күйеу жігіт, құда келгенде, сәби туғанда, тұсаукесерде, сүндетке отырғызғанда, жырақтан сағындырып жолаушы келгенде, бір заттың алғашқы ашылуы болғанда орындалады.

Мүсіннің ашылған уақыты: 2010 жыл.